
2024 жылғы 17 наурызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фарацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері үшін жалпыға бірдей декларациялау бойынша, оның ішінде 270.00 нысандағы "кірістер мен мүлік туралы" декларация бойынша оқыту жүргізді.
Декларацияны толтыру тәртібі, ұсыну тәсілдері мен мерзімі, декларацияны ұсынбағаны үшін жеке тұлғалардың жауапкершілігі туралы келіп түскен барлық сұрақтарға жауаптар ұсынылды.