Date of publication: 14.03.2025 17:23
Date of changing: 14.03.2025 17:25
Мемлекеттік кірістер комитеті «Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңмен енгізу шеңберінде халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік декларациялау функционалын енгізеді.
 
2025 жылдың 14 наурызы сағат 00:00-ден бастап, мұндай жөнелтілімдерді кедендік ресімдеу «Keden» ақпараттық жүйесінде кедендік декларация толтыру арқылы жүзеге асырылады.