
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазақстандық экспорттерлерді қолдау үшін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігімен және
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен (бұдан әрі - QazTrade) «Экспорттық акселерация» бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлайды (бұдан әрі - Бағдарлама).
Бағдарлама іріктеуге қатысқысы келетін барлық кәсіпкерлер үшін іске қосылады.
Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 18 ақпан мен 31 наурыз аралығында өтеді. Отандық компаниялардың өтінімдері QazTrade қолдау шаралар операторының іріктеу қағидаларында белгіленген квалификациялық талаптарына сәйкестігі жөнінде қаралатын болады.
Іріктеу қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысатын 120 қазақстандық кәсіпорынның (өңдеу өнеркәсіптегі өндірушілер мен қызмет көрсетушілер) тізімі қалыптастырылады.
Бағдарламаға қатысу үшін сауалнаманы сілтеме бойынша толтыру қажет:
Тауар өндірушілерге: https://surl.li/pgpwpz;
Қызмет көрсетушілерге: https://surl.li/ovppsn.
Қызығушылық танытқан компаниялар 10 наурызға дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік әкімшілендіру басқармасына 8-7232-245-710 телефонына хабарласуыңызды өтінеміз.
Бағдарламаға қатысты барлық сұрақтар бойынша Алмас Ихсановқа a.ikhsanov@qaztrade.org.kz, kense@qaztrade.org.kz, +7 777 479 99 48, Арыстанбек Искаковқа +7 775 370 53 45 хабарласыңыздар.