Жүргізіліп жатқан акция туралы облыс тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылдың 21 сәуірінде Д.Серікбаев атындағы мемлекеттік техникалық университет пен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы және студенттерімен кездесу жүргізді. Кездесудің жүргізілу барысында жоғары оқу орындарының студенттері мен ұжымына диалог үлгісінде, жүргізіліп отырған акцияның міндеттері мен мақсаттары түсіндірілді. Сонымен қатар, ұстаздар мен студенттер тарапынан түскен сұрақтарға мейлінше толық жауап берілді
Акция үш кезеңде қалалық (аудандық), облыстық және республикалық деңгейде жүргізіледі.
Құнды сыйлықтарды ойнау келесі тәртіппен жүргізіледі:
-Облыстар бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері, Астана, Алматы қалалары-ай сайын;
-ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті-2015 жылдың 9 желтоқсанында.
Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлық 19 қалалар мен аудан орталықтарында түбіртекті купонға айырбастау 23 орыны ашылған