Date of publication: 10.02.2025 18:11
Date of changing: 10.02.2025 18:11

2018 жылдан бастап Салық кодексіне шет мемлекеттерден, шетелдіктерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына есептілік беруі туралы талап енгізілді.

Мәліметтерді қызметі заң көмегін көрсетуге, қоғамдық пікірге сауалнамаларды, социологиялық сауалнамаларды зерделеуге және жүргізуге бағытталған тұлғалар ұсынады (Салық кодексінің 29-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы).

2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына өзгеріс енгізілді, оған сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті өзінің интернет-ресурсында шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізілімін жариялайды.

Мәліметтер бекітілген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 20 - күнінен кешіктірілмей интернет-ресурста орналастырылады www.kgd.gov.kz.