Date of publication: 06.02.2025 17:21
Date of changing: 06.02.2025 17:22

Жолаушыларға арналған кедендік декларациянының

 мәлеметтерді толтыру тілі бойынша

 

2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 343 бабы бойынша жолаушыларға арналған кедендік декларация – қазақ тілінде немесе орыс тілінде не ағылшын тілінде, ал кеден органының рұқсатымен осындай кедендік декларация берілетін кеден органының лауазымды адамдары меңгерген басқа да шет тілінде толтырылады.

Егер жолаушыларға арналған кедендік декларация ретінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жіберілетін құжаттар пайдаланылған жағдайда мұндай құжаттар осындай актілерде айқындалған тілдерде толтырылады.