
2023 жылғы 3 наурыздан бастап "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - заң) қолданылады.
Заң жеке тұлғалардың қарыз мәселелерін шешудің 3 процедурасын ұсынады: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Барлық үш рәсімдерді тек борышкердің өзі бастайды, яғни кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.
Тәжірибе көрсеткендей ең танымал рәсімдерінің бірі - соттан тыс банкроттық. Оны тек банктерге, микроқаржы ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге қарыздарға қолданылуы мүмкін.
Азаматтар бұл рәсімге өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталы (e-Gov.kz.), сондай-ақ e-Salyq Azamat және e-Gov мобильді қосымшалары арқылы беру мүмкіндігі бар.