
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына Telegram мессенджерінде сіздің банктік шоттарыңызды бұғаттау мәселелері, жергілікті салықтар бойынша есептеу және берешек мәселелері, жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша мәліметтерді жедел алуға мүмкіндігіңіз бар екенін жеткізеді, соның ішінде 250.00 және 270.00 нысанындағы есептілікті ұсыну бойынша, сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттық мәселелері бойынша. Бұл ретте 2024 жылдың қазан айынан бастап «Кеден мәселелері бойынша жедел көмек көрсету» жаңа қызметі іске қосылды.
Ақпарат алу үшін іздеуде Salygbot теріп, содан кейін чатқа өтіп, мәзірден сізді қызықтыратын сұрақ тақырыбын таңдау керек. Сондай-ақ, сіз салық заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша республикалық байланыс орталығының 1414 нөміріне, қосымша нөмірге (3) немесе тіркелген жеріңіз бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіне аласыз.