Уәкілетті экономикалық операторлар бойынша
СЭҚ қатысушыларына арналған ақпарат
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2015 жылдың 14 желтоқсанында Бейжін қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) және Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы қазақстан-қытай кеден шекарасында «Сенім» жобасын (бұдан әрі – «Сенім» жобасы) іске асыру туралы хаттамаға қойылғандығын хабарлайды.
«Сенім» жобасы қатысушыларға:
- Өткізу пункттерінде тауардың келуімен байланысты кеден операцияларының уақытын минимизациялауға;
- Жеке жүру жолақтары бойынша орын ауыстыруға (өткізу пункттерінде инфрақұрылымдық мүмкіндіктер болған жағдайда);
- Операциялық залдарда құжаттамалық бақылауды өткізу үшін жеке жұмыс орындарына (терезе);
- Уәкілетті экономикалық операторлардың (бұдан әрі – УЭО) тауарларды бөлмелерде, ашық алаңдарда және басқа да аумақтарда уақытша сақтауға;
- Кеден транзиты процедурасын орындау кезінде кедендік баж салығын және салықтарды төлеуді қамтамасыз ету бойынша талаптардың болмауына;
- Кедендік декларацияны беруге және кеден процедурасына беруге дейінгі кедендік операцияларды орындаудың бастапқы тәртібіне;
- Кедендік декларациялау үнемі орындалған жағдайда кедендік баж салығын және салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді орындамау секілді мүмкіндіктер береді.
Бұл жобаның қатысушылары Тарап елдердің заңнамасына сәйкес арнайы жеңілдіктер қолданылатын УЭО мәртебесі бар заңды тұлғалар бола алады.
2017 жылдың 5 наурызы бойынша Уакілетті экономикалық оператор мәртебесіне келесі СЭҚ қатусушылары ие:
1) «Евразиан Фудс» АҚ, Карағанды қаласы, Бытовая көшесі, 20
2) «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ, Алматы қаласы, Байзакова көшесі, 69
3) «RG Brands Kazakhstan» ЖШС, Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 212 "Б"
4) «Экспортно-импортная компания Азия Логистика» ЖШС, Алматы қаласы, Ақбұлак шағын ауданы, АЗТМ-1 көшесі, Ақбұлак шағын ауданы , 7 үй.
5) «Рахат» АҚ, Алматы қаласы, Зенков көшесі, 2"А"
6)«Кока-Кола Алматы Боттлерс БК» ЖШС, Алматы қаласы, Гоголь/Байзаков көшесі, 203/73.