Date of publication: 30.04.2015 16:42
Date of changing: 21.10.2019 15:34

ҚР Салық кодексінің  4 бөлім 1 тармақ 645   бабына сәйкес, облыс халқын БКМ қолдану  жаңа тәртіпке көшірілуіне байланысты  ондағы  деректердің   онлайн режиміне  берілу функциясының барлығы жайында  құлақтандыру  үшін,  Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер  басқармасының ғимаратында  2015 жылдың 29-шы сәуірінде бензинді, дизель отынын, алкоголь өнімін  көтерме сатумен айналысатын салық төлеушілердін арасында түсіндірме түрінде  семинар  өткізілді.

Семинардың жұмысына, Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  камералдық бақылау басқармасының  бөлім басшысы М.У.Уалиханов, камералдық бақылау басқармасының  бас маманы Д.Смайлов,  Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ақпараттарды қабылдау және беру  бөлімінің бас маманы Г. Сатиева, «Қазақтелеком» АҚ  ШҚФ өкілі  С. Нецветаев, Д.Нуртаев және ОТҚ «Форт Ширит» А.Ю.Глауб  қатысты.

Семинар барысында, салық төлеушілерді  2015жылдың 1-ші шілдесінен бастап күшіне енетін  Салық кодексінің  645 бабымен танысты, яғни,  ҚР аумағында міндетті түрде фиксациялық функциясы  бар және (немесе) деректерді беретін  бақылау кассалық машиналардың қолданысқа енетінін таныстырды.

Сондай-ақ, қатысушыларға, 2014 жылдың 29-шы  желтоқсанындағы  № 1393 ҚР Үкіметінің қаулысымен, телекоммуникациялар желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін фискальдық деректер операторы «Қазақтелеком»АҚ  болып табылатыны  җөнінде акпаратты жеткізді. 

  Диалогтық форматта өткізілген семинардың  барысында, қойылған сауалдардың басым бөлігі жаңа БКМ құнына, сондай-ақ, олардың түрлеріне қатысты тізімдер, болды. Оған жауапты, ОТҚ «Форт Ширит» А.Ю.Глауб   берді.

Салық төлеушілер жағынан ең басым қызығушылық салық төлеушілер мен ФОД  арасындағы   бекітілетін «көшілік келісім» -ге қатысты сауалдар және олардың  байланыс желісіне техникалық  қызмет көрсетуі  , сондай-ақ, 3 тәуліктің арасында бұзылуды жөнге кетіру  сияқты  сауалдар болды.

Қойылған сауалдарға,  Шығыс Қазақстан облысының телекоммуникация дирекциясының  қызметкері С.Нецветаев  жауап берді..

Семинардың жабылуында, Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  камералдық бақылау басқармасының  бөлім басшысы М.У.Уалиханов  семинарда белсенділік көрсетендері үшін ,     катысушыларға   алғысын білдірді, сондай-ақ,  күнделікті Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер  басқармасының ғимаратында әр  бейсенбі сайын, салық төлеушілерге кеңестер берілетінін хабарлады.