Date of publication: 27.12.2024 11:44
Date of changing: 27.12.2024 11:45

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңін алып тастау тұжырымдамасын қайта қарау аясында кейбір жеке тұлғалар үшін міндетті декларациялау сақталатынын, сондай-ақ ерікті түрде декларация тапсыру құқығы да қалатынын хабарлайды.

Заңнамалық деңгейде енгізіліп жатқан түзетулерге сәйкес, жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (ФНО 250.00) тапсыру міндеті келесі санаттарға ұсынылады:

- шетелде мүлкі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері;

- жеке практикамен айналысатын тұлғалар (адвокаттар, нотариустар, медиаторлар, жеке сот орындаушыларылар);

- декларацияны ерікті түрде тапсыруды қалайтын азаматтар;

- сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға үміткерлер;

- банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болуды қалайтын тұлғалар.

 

Шетелдегі декларациялауға жататын активтер:

- жылжымайтын мүлік, көлік құралдары;

- шетелдік банктердегі шоттардағы ақшалай қаражат, егер олардың сомасы 1000 АЕК-тен (3 692 000 теңге) асса;

- инвестициялық және бағалы металдар;

- шетелдік компаниялардағы немесе тұрғын үй құрылысына қатысудағы үлестер;

- бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;

- брокерлік шоттардағы қаражат;

- зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқықтар;

- цифрлық активтер;

- дебиторлық/кредиторлық қарыздар;

- құны 1000 АЕК-тен (3 692 000 теңге) асатын мүлік (антиквариат, сән-салтанат заттары және т.б.).

 

2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жеке тұлғаларға ұсынылады:

- қарыз шарттарын нотариалды куәландыру;

- қолма қол ақшалай қаражатты 10 000 АЕК-тен жоғары (36 920 000 теңге) банктік шоттарға немесе басқа қаржы құралдарына орналастыру;

- қымбат мүлікті құны 1000 АЕК-тен (3 692 000 теңге) асатын тәуелсіз бағалаушыға бағалату (қалауы бойынша көрсетіледі);

- Қазақстандағы активтері мен міндеттемелерінің болуын өз бетінше тексеру.

Декларацияны тапсыру мерзімі 2025 жылғы 1 қаңтардан 15 қыркүйекке дейін (қоса алғанда). Декларацияны салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, ВСС.kz мобильді қосымшалары арқылы электронды түрде тапсыруға болады.