
Мемлекеттік кірістер органдары қызметтерінің бағыттарының бірі жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарының есептелу мен төлеу бойынша салықтық міндеттемелерінің орындауын қадағалауы болып табылады.
Сонымен бірге, пайдалы қазбаларды өндіру салығы (әрі қарай- ПҚӨС) жер қойнауын пайдаланушылардан Республикалық бюджеттке түсетін негізгі салық болып табылады.
Ағымдағы жылдың басынан ПҚӨС-ғы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың әкімшіліктендіруі келесі бағыттарда жүргізілді:
-ПҚӨС есептеу кезінде пайдалы қазбаларды сату орта өлшенген бағаны төмендету фактілерін анықтау;
-"Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша Декларацияда"(әрі қарай-ПҚӨС бойынша Декларация) уәкілетті органдардың ("Шығысқазжерқойнауы" ӨД, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс Министрлігінің "Геология комитеті" РММ, "Ертіс бассейіндік инспекциясы" РММ) мәліметтерімен салыстыру арқылы пайдалы қазбалардың өндіру көлемдерінің кеміту фактілерін анықтау;
-ПҚӨС есептеу барысында төмендетілген мөлшерлемелерді заңсыз қолданған фактілерді анықтау;
-уәкілетті органдардың мәліметтеріне талдау жүргізу барысында, кен өндіру көлемдері болса да ПҚӨС бойынша Декларацияны тапсырылмаған фактілерін анықтау;
-2024 ж. 1-2-ші тоқсандары бойынша табыс етілген 590.00 СЕН және ЭШФ мәліметтерді салыстыру арқылы пайдалы қазбалардың өндіру көлемін кемітілген фактілерін анықтау.