Date of publication: 13.12.2024 18:07
Date of changing: 13.12.2024 18:08

«Мемлекеттік кірістер органдары тіркелген барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге (жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және т.б.) өздерінің деректерін, оның ішінде банктік шоттарын басқа тұлғаларға бергені үшін жауапкершілікке тартылатындары туралы ескертеді. Құқық бұзушылықтың бұл түрі үшін қылмыстық жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабында (алаяқтық), құқық бұзушылық жасауға көмек көрсетілген жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабында (қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысудың түрлері) қарастырылған.»