Date of publication: 13.12.2024 17:22
Date of changing: 13.12.2024 17:40

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкілі К. К. Койшинов (ZOOM) бейнеконференцбайланыс құралы арқылы 2024 жылдың 12 желтоқсан айында  Өскемен, Риддер қалалары, Алтай, Шемонаиха, Глубокое, Қатон – Қарағай, Үлкен Нарын, Ұлан, Тарбағатай және Самар аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының лауазымды тұлғаларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселесі бойынша жиналыс өткізді.

Сөзінің басын департамент басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 02 ақпандағы № 802 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы қабылданғаны жөнінде бастады.

Осыған байланысты, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ұлттық тәжірибе мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, қоғамның сұраныстары негізінде үнемі жетілдіріліп отырады.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарға мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасуға өмір бойы тыйым салынады, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдар үшін сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін санкциялар күшейтілді.

2023 жылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.

Қабылданған түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіруге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу, құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған.

Ақпараттық кеңес соңында ШҚО бойынша МКД АРБ қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің басшысы - Әдеп жөніндегі уәкілінің көмекшісі Т.Ж. Бейсекенов қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, қызметтік әдеп нормаларын тұрақты сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді.