
2024 жылғы 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жоғары курс студенттері арасында өткен «Мемлекеттік қызмет: мүмкіндіктер мен болашақ» форумына қатысты. Мемлекеттік аппараттың кәсіби деңгейін арттыру және дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпарат беру үшін ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен "Бос орындар жәрмеңкесі" ұйымдастырылды. Іс-шараға ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ардагері Исанова Сабира Құрмантайқызы қатысты. Ол өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік қызметтегі кәсібилік пен жауапкершіліктің маңыздылығы туралы айтты.
Департамент өкілдері студенттердің мемлекеттік кірістер органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы сұрақтарына жауап бере отыра, мемлекеттік қызметке орналасу шарттары туралы хабарлады. Нәтижесінде кадр қызметіне қызығушылық танытқан студенттерден 15 түйіндеме келіп түсті.