Date of publication: 25.11.2024 12:50
Date of changing: 25.11.2024 12:51

«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсанда № 877 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентінің 8-тармағына сәйкес, сәйкестігін бағалау типін мақұлдау нысанында жүргізілген көлік құралдарыy айналысқа шығару кезінде техникалық регламент талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттар көлік құралының типін мақұлдау (бұдан әрі – КҚТМ) болып табылады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес дайындалған күнінен бастап

3 жылдан аз уақыт өткен және КҚТМ негізінде әкелінетін көлік құралдарын КҚТМ-да көрсетілген, ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген ЕАЭО кедендік аумағына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын өнімді ЕАЭО кедендік аумағына әкелу қағидаларының 10-тармағының б) тармақшасын қолдана отырып ресімделген тұлғалар ғана әкелуге құқығы бар.

Өз кезегінде, егер мұндай өнімнің декларанты КҚТМ-да көрсетілген тұлға болған жағдайда ғана КҚТМ-ны пайдалануға жол беріледі.

Бұл шара 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап енгізілетінін хабарлаймыз.