
2024 жылғы 15 қарашада ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "AMANAT" партиясының облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының отырысына қатысты, онда жаңа Салық кодексінің жобасы қаралды.
ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары-Сайранқан Қабыш өз сөзінде заң жобасының салықтық әкімшілендіру бөлігіндегі негізгі бағыттарын атап өтіп, Салық кодексі жобасының Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында қойған барлық талаптары мен міндеттерін ескере отырып жасалғанын атап өтті!
Бұдан әрі түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова арнайы салық режимдері бөлігіндегі жобаның жалпы ережелерін түсіндіріп, қатысушыларға Салық кодексі жобасының қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде қаралып жатқанын жеткізді.
Сөз соңында, Департамент өкілдері отырысқа қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.