
ПРЕСС-РЕЛИЗ
2017 жылдың 24 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі-Департамент) кеден блогының және кеден бекеттерінің жеке құрамымен сыбайлас жемқорлықты алдын-алу бойынша және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің арасында аттестацияны жүргізу туралы жиналыс өткізілген болатын.
Жиналысты Департамент басшысының орынбасары Е.Е. Сагитов ашып, барлық жиналғандарды қошеметтеп, жиналыс тақырыбын белгілеп, сөйлегендерді таныстырып, одан ары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Қазақстан Республикасының Заңын және басқада күнделікті жұмыста пайдаланатын нормативтік-құқық актілерін сақтауға шақырды.
Содан кейін Департаменттің Қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Ж.К. Шамшина сөз алып, өз сөзінде қызметтік тергеу бөлімінің көрсеткіштеріне тоқталып, кеден қызметінің қаншалықты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын туралы баяндап, кеден қызметінің лауазымды тұлғаларға қарсы жүргізілген қызметтік тергеулердің санын көрсетті. Департаменттің кеден қызметінің лауазымды тұлғалардың жағынан жіберілген қателіктерді мұқият ретінде көрсетіп берді.
Одан ары, сөз кезегі Департаменттің Персоналмен жұмыс істеу бөлімінің басшысы М.В. Валихановаға берілді. Ол өз сөзінде Департаментте жүргізілген тест қорытындысын баяндап және өткізілетін әңгімелесу туралы түсіндірме жасады.
Жиналыс қорытындысы бойынша Е.Е. Сагитовпен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтау туралы, тауарларға арналған декларацияларды ресімдеуді қатан түрде тек ғана ТБСБ ұсыныстармен жүргізу, өз жұмыс аумағында ай сайын талдау жүргізіп, туындаған мәселелерді табу және шешімдерін көрсету туралы тапсырмаларды берді.
Сөз соңында Департамент басшысының орынбасары Е.Е. Сагитов қатысқандарға алғыс айтып және жұмыстарына сәттілік тіледі.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
қызметтік тергеу бөлімі