Date of publication: 06.11.2024 16:32
Date of changing: 06.11.2024 16:33

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай – ақ олардың жұбайлары болып табылатын 2 млн. астам жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00-нысан) (бұдан әрі-Декларация) ұсынды.

Шығыс Қазақстан облысында жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңінің қорытындысы бойынша 04.11.2024 ж. 250.00 нысанды «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны - 9 123 тұлға, 270.00 нысанды «Кірістер мен мүлік туралы» декларацияны - 11 912 тұлға табыс етпеген.

Декларацияны тапсыру мерзімі 2024 жылғы 16 қыркүйекте аяқталды.

Декларацияны ұсынбаған салық төлеушілер бойынша салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбағаны туралы хабарламалар жіберілді.

Хабарламаны алған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде мұндай адамдар декларацияны ұсыну немесе түсініктеме беру арқылы бұзушылықты жоюы қажет.

Мұндай салық төлеушілерге банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтата тұру түріндегі шаралар қолданылады. (Салық кодексінің 118бабы 1-тармағының 1-тармақшасы).

Салық төлеуші декларацияны электронды түрде салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және «E-Salyq Azamat», «eGov mobile» Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz. мобильді қосымшалары арқылы ұсына алады