Date of publication: 31.10.2024 15:54
Date of changing: 31.10.2024 15:55

Мемлекеттік кірістер органдарының жедел қызметкерлерінің күнделікті тексеру жұмысында анықтайтын ажырамас элементтердің бірі, олардың кедендік бақылаудың техникалық құралдарын (әрі қарай - КБТҚ), қолдануы болып табылады.

Кедендік бақылаудың жоғары нәтижелілігіне кедендік бақылаудың әрбір нақты учаскесінде КБТҚ кешенді қолдану арқылы қол жеткізіледі.

Бүгінгі таңда, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметінің өңіріндегі «Майқапшағай» өткізу пунктінде мынадай КБТҚ орнатылған:

  • Тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (ТЖБАЖ) - көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін айқындау және бейнебақылау жүйесі.
  • Радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі («Янтарь – 2п» және «Янтарь – 1А» РБАЖ) - тасымалданатын радиоактивті және бөлінетін материалдарды, қауіпті қалдықтарды анықтауға, оқшаулауға және сәйкестендіруге арналған.
  • Электрондық өткізу пункті (ЭӨП) – кедендік бақылау аймағына кіретін және бақылау аймағынан шығатын көлік құралдарын кеден бекетінде тіркеуге арналған.
  • Инспекциялық-тексеру кешені (ИТК) - көлік құралдарын, көлік құралдарының жүк бөліктерінің, контейнерлердің құрамын, ірі габаритті ыдыстарда оларды ашпай, интрузивті емес (жанасусыз) тексеру әдісімен көзбен шолып тексеруге арналған интраскопиялық тексеру техникасы(стационарлық және мобильді).
  • Багажды және қол жүгін тексеруге арналған рентгендік қондырғылар (БҚЖТРҚ) - қол жүгіндегі контрабандалық тауарларды, почта жөнелтілімдерін жолаушылардың ілесіп жүретін және ілесіп жүрмейтін багажын, халықаралық почта жөнелтілімдерін және тауарларды оларды ашпай-ақ шағын және орта габаритті ыдыстарда көзбен шолып тексеру жолымен анықтау мақсатында қолданылады.