Date of publication: 24.10.2024 16:45
Date of changing: 24.10.2024 16:50

2024 жылғы 25 қазанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚОФ "Атамекен" ҚР ҰКП алаңында салық төлеушілердің, оның ішінде консалтингтік компаниялар өкілдерінің, СЭҚ қатысушыларының қатысуымен ZOOM конференциясы арқылы офлайн және онлайн форматтарда семинар өткізді.

Тарифтік реттеу басқармасының тауарларды жіктеу бөлімінің бас маманы-Эльвира Құрмалиева өз сөзінде тауарлардың шығу тегін анықтау ережелері туралы айтты.

Кедендік толемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету Тарифтік реттеу басқармасының кедендік құн бөлімінің бас маманы Татьяна Варфоломеева таныстырды.

Бұдан әрі № 1 камералдық бақылау басқармасының бас маманы-Жасмин Мусина Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері туралы айтып берді.

Департаменттің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова ҚР ҚМ МКК цифрлық инновациялар, БКМ қолдану туралы, "Чекті талап ет - жүлдені ұтып ал!", деп хабарлады салық заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша жиі келіп түсетін сұрақ-жауаптар.

Сөз соңында Департамент өкілдері салық төлеушілердің барлық сұрақтарына жауап берді.