
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 223 бабына сәйкес жүзеге асырылады, соған сәйкес келесі шаттармен айқындалады:
1) шетелдік тауарларға қатысты –кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;
2) шетелдік тауарларға қатысты –арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;
3) осы Кодекстің 427-бабында көзделген тәсілдермен тауарларды идентификаттау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
4) егер тауарлар кедендік пломбалар салынған және мөр басылған көлік құралдарының жүк тиеу орынжайларында (бөліктерінде) тасымалданса, осы Кодекстің 28-бабында көрсетілген көлік құралының халықаралық тасымалдау талаптарына сәйкестігі;
5) тыйым салулар мен шектеулерді сақтау болып табылады
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған, көліктің бір және одан да көп түрлерін пайдалану арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалданатын тауарлардың декларанты болып әрекет ете алады.
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде жөнелтуші кеден органы осы кедендік транзит мерзімін белгілейді, тауарларды жеткізу орнын айқындайды, осы Кодекстің 427-бабына сәйкес тауарларды, оларға арналған құжаттарды идентификаттауды жүзеге асырады.
«Транзиттік декларацияны қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, яғни транзиттік декларацияны қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) «Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.