Date of publication: 11.10.2024 17:08
Date of changing: 11.10.2024 17:09

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 08 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 5 қазандағы № 343 бұйрығына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден алманы әкелуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы алманың халықаралық транзитін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден автомобиль көлігімен алманы (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 0808 10) әкелуге 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге тыйым салынғанын хабарлайды.