Date of publication: 10.03.2017 18:59
Date of changing: 21.10.2019 15:36

 

Ашық есік күні өткізілді

Ағымдағы жылғы 10 наурызда ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі  С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Д.Серікбаев атындағы Шығыс қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің , Қазақстан – Американ еркін университетінің түлек студенттері үшін Өскемен қаласында «Ашық есік күні» өткізді.

Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы М.Абдрахманов студенттерге Экономикалық тергеу қызметінің басты бағыттары туралы айтып, қызмет нәтижесімен таныстырды.

Адам ресурстары басқармасының бөлім басшысы М.Уалиханова студенттерді ЭТҚ жұмысқа орналастыру сұрақтары бойынша хабардар етіп, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Департамент қызметкерлері заңсыз ойын бизнесі, жалған ақшамен күрес, контрфактілік өнімдерді заңсыз өткізу саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ашу мен алдын алу жөнінде лекция өткізді.  Кездесу барысында өскелең ұрпаққа  аталған қылмыстарды жасағандары үшін қандай жауапкершілік жүктелетіні де түсіндірілді.  

Студенттер жұмыс талаптарымен, спорттық жетістіктермен, қызметкерлердің жұмыс кабинеттерімен танысып, бейнеақпарат пен көрнекі материалдарға шолулар жасалды.

 Жоғарғы оқу орнының өкілдері Департаменттің студенттерге келешекте осындай дәрістер өткізіліп тұру бастамасын қолдап, өзінің және студенттер атынан білім беретін ұйымдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша сөз беретінін атап өтті.

 

ШҚО бойынша МКД ЭТҚ