
ҚР ҚМ ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті жанындағы Салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес
ШҚО бойынша бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Консультативтік кеңестің отырысы өтті. Департамент басшысы Бауыржан Айнабеков ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауы біздің халқымыз үшін маңызды саяси оқиғаның бірі екендігін атап өтті. «Президент Жолдауында еліміздің дамуындағы нақты қадамдар ұсынылды, ол уақытпен тексерілген, әрбір қазақстандыққа ой салатындай айқын ойластырылған.
Ел алдында Мемлекет басшысы жаңа міндет қойды - Қазақстанның үшінші жаңғыруы.
Үшінші жаңғыру келешек ұрпақ қазақстандықтар үшін мықты экономикалық базаны құру үшін керек.
Үшінші жаңғыру «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам», «5 институционалдық реформа», мемлекеттік бағдарламалар мен алдағы онжылдық мерзімге даму жоспарларымен өзара байланысқа негізделген.
Консультативтік кеңестің төрағасы өзінің баяндамасында Үшінші жаңғырудың негізгі басымдылықтарына жан-жақты тоқталды.
Бизнес үшін барлық жақсы жағдайларды қалыптастыруда реформалар жасалуда, әсіресе, аймақтық деңгейде, онда тікелей сіздердің бизнестеріңіздің дамуы үшін,- деп атап өтті ол.
Күн тәртібі бойынша «Мемлекеттік кірістер органдарының актілерін жаңадан соттан тыс тәртіпте шағым жасау» тақырыбына ШҚО бойынша МКД заң басқармасының басшысы Лезгиева О.Ю. сөз алды.
«Қазіргі уақытта, салықтық және кедендік тексерулер нәтижелеріне шағымдарды қарау ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшелерімен жүзеге асырылады.
Осы тәртіпте шағымдарды қарастыру дұрыстығы бойынша қаншама көп және ұзақ уақыт пікірталастар мен талқылаулар болды және бірнеше рет тәуелсіз жеке орган ретінде соттан тыс апелляция институтын шығару туралы сұрақ қойылды.
Дербес орган әлі құрылған жоқ, бірақ 30.11.2016 жылы қол қойылған Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2017 жылы 1-шілдеден бастап күшіне енеді, салықтық және кедендік тексерулер нәтижелерін хабарламаға шағымдарды қарастыру өкілеттігі МКК-нен тікелей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне беріледі.
Осылайша, 2017 жылғы 1-шілдеден бастап есептелінген салықтар сомасы және бюджетке төленетін міндетті төлемдер, соның ішінде кедендік төлемдердің заңдылығы мен негізділігін қарастыру Қаржы министрлігімен жүзеге асырылады. Осы мақсатта, Қаржы министрлігінде Апелляциялық комиссия құрылатын болады, қазіргі уақытта сол қызмет туралы ереже жетілдірілуде, - деп ол, отырысқа қатысушылардың назарына жеткізді.
Салық заңнамасындағы өзгерістер туралы тақырыпта аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша салық төлеушілерді тарату бөлігінде салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Сабралимова Г.К. сөз сөйледі.
Баяндамашы Салық кодексінің 37-2 бабының негізгі ережесімен таныстырды, ол 2015 жылғы 1-қаңтардан бастап қолданыстағы салықтар бойынша аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша таратылатын жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктеріне тоқтады.
Сондай-ақ, аудиторлық ұйымдардың салықтар бойынша аудиторлық қорытындыларда анық емес мәліметтер бергені үшін әкімшілік жауапкершілігі туралы да, сонымен қатар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекінің 246, 246-1, 249 баптарына сәйкес аудит жасайтын субъектілер, аудиторларды ескертті. Аудиторлық қызмет көрсету ауқымын кеңейту мақсатында осы норманы енгізу, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлерді салықтық тексеруде таратуын қысқарту туралы айтты. Заңнама деңгейінде ережені жетілдіру қажеттілігі және осы сәтте салық төлеушілер мен аудиторлық ұйымдармен түсіндіру жұмыстарының жүргізіліп жатқандығы жөнінде атап өтті.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасы, ШҚО бойынша «ҚР Салықтық кеңесшілер палатасының өкілдігінен», сондай-ақ, «Титан-Восток» ЖШС, «БИПЭК АВТО Қазақстан» ЖШС секретариатқа келіп түскен сұрақтарға салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Гүльмира Сабралимова ҚР салық заңнамасының нормаларын түсіндіруде толық жауап берді.
«Хазипов» ЖК қоршаған ортаға эмиссия төлемге қатысты ШҚО бойынша МКД мемлекеттік кірістер басқармасы өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы А.С. Байбатырова жауап берді.
Одан әрі «ҚР Салықтық кеңесшілер палатасының өкілдігінің» директоры И.А. Затонова электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) құжат айналымы сұрақтары және салық нормасына сәйкесінше жетілдіру жүргізу бойынша ұсыныстарымен сөз алды.
«БИПЭК АВТО Қазақстан» ЖШС салық бөлімінің басшысы И.И.Нестренко электрондық шот-фактуралар жүйесінде түзетілген шот-фактураларға бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес келтіру туралы ұсынысын қарастыруды ұсынды.
Отырысты қорытындылаған ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабеков Консультативтік кеңестің мүшелеріне және ірі салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушыларға Кеден және Салық кодекстері бойынша әкімшілендіруді жеңілдету, тиімсіз жеңілдіктер мен артықшылықтарды өзгерту бөлігінде жаңа ұсыныстар дайындау қажетті туралы ескертті.
Сонымен қатар, қатысып отырған нәзік жандыларды Көктемнің ең әдемі де жарқын мерекесімен құттықтады.
ШҚО бойынша МКД