Date of publication: 01.10.2024 15:00
Date of changing: 01.10.2024 15:00

1 қазан - Халықаралық қарттар күні қарсаңында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері облыстың мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлерін құттықтады. Қызметкерлер Департамент басшылығының атынан ардагерлерге тынымсыз еңбектері мен мамандыққа деген адалдықтары үшін алғыстарын білдіріп, мықты денсаулық тілеп, азық-түлік қоржындарын ұсынды.

Ардагерлер жас қызметкерлерді қоғамға қызмет етуге шабыттандырып, ШҚО бойынша МКД ұжымына көрсеткен назарлары мен құттықтаулары үшін алғыстарын білдірді.

«- Қымбатты ардагерлер, Сіздерге мың тағзым! Сіздер біз үшін әрқашан даналық пен тәжірибенің баға жетпес үлгісі, қазынасысыздар. Сіздерге белсенді ұзақ ғұмыр, амандық, жақындарыңыздың жан жылулығы мен қамқорлығын тілейміз!»,- деп ШҚО бойынша МКД қызметкерлері ардагерлерді құттықтады.