Date of publication: 27.09.2024 18:00
Date of changing: 27.09.2024 18:05

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл К. К. Койшинов 2024 жылдың 23 қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас мамандары Айгүл Төлеухановна Изет және Сырым Дарханұлы Үмітқазының қатысуымен Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу бойынша ШҚО бойынша МКД жұмысының қорытындысы туралы және Әдеп жөніндегі уәкілінің 2024 жылғы I жартыжылдығы бойынша мемелекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі туралы №1 және 3 шешімдерін (2024 жылғы «09» қыркүйектегі «7» хаттама) ақпараттық кеңесте қаралды.

Сонымен қатар ақпараттық кеңесте  қызметтік әдеп нормаларын бұзған мемлекеттік қызметкерлер туралы бейне жазбалар мысал ретінде көрсетілді.

Ақпараттық кеңес аяқталғаннан кейін ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов қызметтік әдеп нормаларын тұрақты сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексінің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.