
2024 жылғы 24 қыркүйекте ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыстың басқа да мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қатар Шемонайха ауданындағы Шығыс Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы "мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ" жобасына қатысты.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге жәрдемдесу мақсатында Шемонайха ауданының тұрғындарына өз сұрақтарын қоюға және тегін заңгерлік кеңес алуға мүмкіндік берілді.
Іс-шара барысында Департаменттің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова таксистерге салық салу бойынша сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ мобилді аударымдар туралы, салықтық әкімшілендіру және «E-Salyq Azamat», «e-Salyq Business» мемлекеттік кірістер органдарының мобилді қосымшаларын, телеграммда жүзеге асырылған «SalyqBot» чат - ботын пайдалану мүмкіндіктері бойынша консультация берді, және Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясын өткізіліп жатқанын хабарлайды.