
Құрметті салық төлеушілер!
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 619 бұйрықпен ЭШФ АЖ-ға ТІЖ ресімдеу және ЭШФ үзіндісі бойынша мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды:
тауар кодтарын ерікті қолдану (GTIN немесе басқалары);
2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап сұйытылған мұнай газын өткізу кезінде ТІЖ-ді міндетті ресімдеу;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу/әкету кезінде «Нетто салмағы» міндетті түрде толтыру (көрсетілген мерзімге дейін ерікті түрде);
ТІЖ бланкісін оңтайландыру: К, К1, К2, К3, К4 кіші бөлімдерінен тұратын К бөлімі жаңа бөлімге ауыстырылды (29 бағанға қысқартылды).
Сондай-ақ, өзге де нақтылаулар мен редакциялық түзетулер енгізілді.