Date of publication: 18.09.2024 15:10
Date of changing: 18.09.2024 15:12

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың мүлкіне 2023 жылға салық төлеу мерзімі аяқталатынын хабарлайды.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу үшін салық кезеңі күнтізбелік жыл 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін болып табылады.

Салық органдары мүлікті меншік құқығында иеленудің нақты мерзімін ескере отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметтері негізінде есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде салықты есептейді.

Мүлік бойынша:
- ортақ бірлескен меншікте олардың арасындағы келісім бойынша мүлік иелерінің бірі салық төлеуші болып табылады. Егер салық сомасы барлық меншік иелеріне келген жағдайда, төлемді меншік иелерінің біреуі ғана төлейді;
- ортақ үлестік меншікте мүліктің барлық меншік иелері осы мүліктегі үлесіне сәйкес салық төлеушілер болып табылады.

Көрсетілген деректемелер бойынша төлем жүргізудің бір мезгілде мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын kgd.gov.kz "Алдағы төлемдер" сервисінен, "E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында, сондай-ақ банктердің "Kaspi.kz" және "Halykbank" мобильді қосымшаларында көруге болады. Сонымен қатар, сіз салық сомасын 1414 (3) байланыс орталығының телефоны арқылы біле аласыз. Төлемді "Қазпошта" АҚ бөлімшелері арқылы комиссиялық алымды алмай-ақ жүргізуге болады.

Есептелген соманы төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда жеке тұлғаның дербес шотында төлеу мерзімі басталғаннан кейін (1 қазан) бересі пайда болады, сондай-ақ төленбеген сомаға әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі.

Құрметті салық төлеушілер, өсімпұлды есептеуді болдырмау және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу бөлігінде салық міндеттемесін орындамағаны үшін одан әрі шаралар қолданбау үшін, алдағы төлемді белгіленген мерзімде төлеуге үлгеріңіздер.