Date of publication: 16.09.2024 18:21
Date of changing: 16.09.2024 18:21

2024 жылғы 16 қыркүйекте ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылық құрамы мен қызметкерлері еңбек өтілі 39 жылдан асатын Аудит басқармасы САЭБ бөлімінің бас маманы Гүлнара Манапқызы Кабидолдинаны салтанатты түрде еңбек демалысына шығарып салды.

Гүлнара Манапқызы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарында қалыптасуы кезеңінен бастап жұмыс істей отырып, Департаменттің қызметіне елеулі үлес қосты, ол қатардағы инспектордан Түсіндіру және Апелляциялар бөлімінің, Ұйымдастыру басқармасының басшысына дейінгі жолды абыроймен өтті.

Мемлекеттік кірістер органдары ардагерінің кәсібилігі, талапшылдығы, шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттері, ізгі ниеті жоғары құзыреттіліктің үлгісі болып табылады және үлкен құрметке ие.

Іс - шара барысында құттықтау бейнеролигі көрсетілді. Одан әрі Департамент басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш басшылық пен ұжымның атынан Гүлнара Манапқызына адал және тыңғылықты еңбегі, кәсіби шеберлігі, адами қасиеттері үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде, ардагердің тәжірибесі, қолдауы мен көмегі үшін әріптестері алғыстарын білдірді. Алғыс сөздер мен еңбек күндері туралы естеліктердің арасында алдағы бастамаларға арналған көптеген ізгі тілектер айтылды.

Салтанатты іс - шара соңында Гүлнар Манапқызына көп жылғы мінсіз еңбегі үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиевтің атынан Грамота және Департамент ұжымының атынан естелік сыйлық табысталды. Кездесу естелік фотосуретке түсумен аяқталды.