
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жапон делегациясының, ҚР ӘМ өкілі А.Р. Құрбанғалиевтің және департаменттің Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Темір Кулекиннің, "Әуежай Өскемен" кеден бекетінің басшысы Серік Қожатовтың және бас маман В.П. Карпичконың қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында ҚР ШҚО Алтай қ. зиратында жерленген жапон азаматтарының сүйектерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу мәселелері көтерілді.
09.09.2024 жылы бұрынғы Кеңес Одағы (Қазақстан Республикасы) аумағында тұтқында болған кезеңінде қайтыс болған жапон азаматтарының қалдықтарын эксгумациялауды жүргізу жоспарына сәйкес жүкке кедендік тексеру жүзеге асырылды.
Жүкті қарау кезінде жалпы салмағы 21 кг болатын 29 қап адам сүйегі қалдықтары бар 3 қорап анықталды. Сәйкестендіру пломбалары қойылды, жолаушылардың кедендік декларациясы ресімделді.
ШҚО бойынша МКД
«Әуежай-Өскемен» кеден бекеті