Date of publication: 13.09.2024 12:41
Date of changing: 13.09.2024 12:42

2024 жылғы 12 қыркүйекте ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Асхат Жібітаев ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің, ШҚО Полиция департаментінің өкілдерімен бірлесіп «ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында «Темекі өнімдері мен вейптердің заңсыз айналымы» тақырыбында баспасөз конференциясына қатысты.

Баспасөз конференциясы барысында Департаменттің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы темекі бұйымдарын таңбалау және қадағалау тәртібі туралы айтып, темекі бұйымдарының заңсыз айналымының жолын кесу жөніндегі Департамент жүргізетін іс-шараларға тоқталып, әкімшілік жауапкершілік регламентін жеткізді.

Әрі қарай Асхат Жібітаев ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің Мемлекеттік кірістер органдарымен өзара ынтымақтастығының жоғары деңгейі қамтамасыз етілгенін атап өтті, бұл болашақта акцизделетін тауарлардың көлеңкелі айналымын жедел және тиімді анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік береді.

Спикер темекі бұйымдарын көтерме сатушылардың айналымын бақылауға және темекі бұйымдарын сатып алу және өткізу жөніндегі деректерді уақтылы талдауға мүмкіндік беретін ТТҚ және СӘБЖ ақпараттық жүйелерінің көмегімен жұмыстың тиімділігі жаңа деңгейге көтерілетінін айтты.

Сөз сөйлегеннен кейін Департамент спикері БАҚ-тың барлық сұрақтарына жауап берді.