Date of publication: 13.09.2024 12:18
Date of changing: 13.09.2024 12:19

250.00 және 270.00 нысандарын тапсыру мерзімі 1 күнге ұзартылды

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық есептілігін тапсырудың соңғы күні демалыс немесе мереке күндеріне сәйкес келсе, мерзім автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылатынын еске салады.

 

Биыл 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларацияларды тапсырудың соңғы мерзімі 15 қыркүйек – демалыс күніне келіп тұр, сондықтан ол 2024 жылғы 16 қыркүйекке ауыстырылады.

 

Декларацияны "салық төлеушінің кабинеті" сервистерінің көмегімен ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкімет" порталы (egov.kz) және E-salyq azamat, egov mobile мобильді қосымшасы, сондай-ақ Halyk, Kaspi, Вcc.kz Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.

 

Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) үшін Декларацияны тапсырудың соңғы мерзімі 4 күннен кейін аяқталатынын еске саламыз.

Салықтық міндеттемені уақытылы орындамау мәселесі туындамас үшін, декларацияны алдын ала табыстауды ұсынамыз.