Date of publication: 09.09.2024 14:22
Date of changing: 09.09.2024 14:25

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын барлық жеке тұлғалар Активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00 - нысан) (бұдан әрі – Декларация) ұсына бастады.

Декларация декларацияны табыстау жылының алдындағы жылдың 31

желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндемелерінің бар жоқтығын көрсетуге арналған.

Бұл ретте бейрезиденттер, коммерциялық емес ұйымдарың құрылтайшылары (қатысушалыры) және акционерлері декларацияны ұсынудан босатылды.

Декларация  тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша 2024 жылғы 15 қырқүйекке дейінгі мерзімде электронды түрде:

  • «Салық төлеушінің кабинетті» (cabinet.salyk.kz) электрондық сервисі;
  • «Электронды үкімет» порталы (egov.kz);
  • «е-Salyq Azamat», «eGov mobile» мобильді қосымшалары;
  • Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz, т.б. екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;

қағаз тасығышта:

  • Мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібінде;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
  • «Қазпошта» АҚ бөлімдері арқылы ұсынылады.

Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) үшін Декларацияны тапсырудың соңғы мерзімі 8 күннен кейін аяқталатынын еске саламыз.

Салықтық міндеттемені уақытылы орындамау мәселесі туындамас үшін, декларацияны алдын ала табыстауды ұсынамыз.

ШҚО бойынша МКД-нің анықтама нөмірі:

Байланыс орталығы: 1414/3

WhatsApp: 8 701 602 73 44

Инстаграмм:@shko.salyq.kz