Date of publication: 02.09.2024 15:19
Date of changing: 02.09.2024 15:20

2024 жылғы 29 тамызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Налоги Казахстана» қауымдастығының «Налоги Алматы» ірі паблигінің өкілдері - Маржан Сымбатқызы, Татьяна Лиликова, Юлия Елисеевамен бірге Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шара барысында Департамент пен Өскемен қаласы бойынша МКБ қызметкерлері және «Налоги Казахстана» қауымдастығы, «Налоги Алматы» ірі паблигінің өкілдерімен жалпыға бірдей декларациялау және камералдық бақылау мәселелері бойынша толық ақпарат берді.

Азаматтарға соңғы өзгерістерді ескере отырып, декларацияларды тапсыру тәртібі мен камералдық бақылаудың ерекшеліктері түсіндірілді.

«Налоги Алматы» өкілі Маржан Сымбатқызы азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді нығайту үшін осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті, практикалық кеңестерімен бөлісті және «Ашық есік күніне» қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара азаматтардың салықтық сауаттылығы мен ақпараттандырылуын арттыру үшін пайдалы алаңға айналды.