Date of publication: 23.08.2024 18:13
Date of changing: 23.08.2024 18:14

2024 жылғы 22 шілдеде Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚОФ «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында салық төлеушілердің, оның ішінде консалтингтік компаниялар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен офлайн және онлайн форматтарда ZOOM конференциясы арқылы «Салық заңнамасының өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.

ШҚО бойынша МКД Камералдық мониторинг басқармасының №2 камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Айнұр Заманбекова өз сөзінде ҚҚС бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламаларының орындалуы туралы айтты.

Әрі қарай Берешекпен жұмыс басқармасының бас маманы Асия Шакирова семинарға қатысушыларды шектеулі мүлікті аукционға қою арқылы сату тәртібімен таныстырды.

Берешекпен жұмыс басқармасының бас маманы Шынар Сейлханова салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын дебиторларының шоттарынан өндіріп алу тақырыбына сөз сөйледі.

Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасы басшысының м.а. Роза Сейльханова жалпыға бірдей декларациялау мәселелеріне, оның ішінде декларацияны толтыру тәртібіне, ұсыну тәсілдері мен мерзімдеріне қатысты егжей-тегжейлі тоқталды, сондай-ақ спикер СЕН 250, СЕН 270 декларацияларын ұсыну мерзімінің жақындағанын еске салды.

Сөз соңында Департамент өкілдері салық төлеушілердің барлық сұрақтарына жауап берді.