
2024 жылғы 21 тамызда жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер департаментінің және аумақтық басқармалардың қызметкерлеріне, салық төлеушілерге сондай-ақ ХҚКО операторларына өзгерістерді ескере отырып, 250.00 нысанындағы «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларация бойынша оқыту жүргізді.
Жалпыға бірдей декларациялау бойынша жиі келіп түсетін сұрақтарға жауаптар ұсынылды.