
2024 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде Мемлекеттік кірістер органдарының 10 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев салық және кеден қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін аумақтық департаменттер мен мемлекеттік кірістер басқармаларының үздік қызметкерлерін «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен атап өтті.
Мерекелік іс-шарада ШҚО бойынша МКД және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының 20 қызметкері Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ, «Үздік қызметкер» республикалық байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар түрлі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды.
«Тауарларды сыныптау бойынша үздік қызметкер» номинациясында ШҚО бойынша МКД, Тарифтік реттеу басқармасы, Тауарларды сыныптау бөлімінің басшысы Мадина Аитова Республика бойынша үздік деп танылды, «Төлемдерді есепке алу және жеке шоттарды әкімшілендіру бойынша үздік қызметкер» номинациясына Мемлекеттік қызметтер басқармасы, Жеке шоттарды есепке алу және жүргізу бөлімінің басшысы Людмила Агарина ие болды.
Департаменттің Басшылығы мен ұжымы барлық үздік қызметкерлер мен байқаудың жеңімпаздарын марапаттарымен құттықтайды, биік жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейді!