Date of publication: 20.08.2024 18:06
Date of changing: 20.08.2024 18:07

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 1 тамыздан бастап 2023 жылғы Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияларда кірістің төмендеуін анықтау бойынша камералдық бақылау хабарламалары іске қосылғанын хабарлайды (100.00-нысан).

Хабарламалар электрондық шот-фактуралардың, бақылау-касса машиналарының және салық есептілігінің деректерін салыстыру негізінде қалыптастырылған.

Есептіліктегі мәліметтерді салық төлеушілер дербес толтыратындықтан, бұл хабарламалар дәл және дұрыс болып саналады.

Осыған байланысты Комитет салық төлеушілерді камералдық бақылау хабарламаларының талаптарын уақтылы орындауға шақырады.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормаларына сәйкес хабарлама бой ынша анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, салық органдарының салықтық тексеру жүргізуге құқығы бар екенін еске саламыз.

МКК ақпараттық жүйелері хабарлайды, хабарламаларды тек "Салық төлеушінің кабинеті" порталдың жеке кабинетіне және eGov.kz ,E-salyq мобильді қосымшалары арқылы жіберетінін атап өтеміз.