Date of publication: 19.08.2024 12:13
Date of changing: 19.08.2024 12:11

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері:

1) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету орталығы арқылы;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) бақылау-касса машиналарын есепке қою - 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
2) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3) бақылау-касса машинасын есептен шығару - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз, электронды түрде

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бекітілген бұйрыққа сәйкес нысан бойынша тіркеу карточкасын беру (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген);
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.