
МКК ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтініш бермеген салық төлеушілерді анықтау тәртібін қайта қарады. Бұған дейін қалыптасқан сот практикасы, сондай-ақ прокуратура органдарының ұстанымы болды.
Енді заң бұзушылықтың растығы тақырыптық салық тексеруімен нақтыланады. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері тексеру қорытындысымен кәсіпкер тарапынан ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою міндеттемесінің расымен орындалмағанын анықтайды.
Тек тақырыптық салық тексеруі аяқталғаннан соң ғана тиісті шаралар қабылданады, оның ішінде салық заңнамасының бұзушылығын жою туралы хабарламаны қалыптастыру және жолдау, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шараларды қабылдау да бар.
Еске салайық! Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер күнтізбелік жылдағы айналымы ең төменгі шектен (20 000 АЕК) асқан жағдайда қосылған құн салығының (ҚҚС) төлеушісі ретінде тіркелуі керек. 2023 жылдағы айналымның ең төменгі шегі 69 млн. теңгені құраса, ағымдағы 2024 жылы – 73,8 млн. теңге.