Date of publication: 15.08.2024 12:07
Date of changing: 15.08.2024 12:09

2024 жылғы 14 тамызда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай салтанатты іс - шара өтті.

10 жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО бойынша Салық департаменті мен Кедендік бақылау департаментінің бірігуі арқылы құрылды.

Қазақстан Республикасында салық және кеден органдары бірігуінің негізгі мақсаты салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру болып табылады.

10 жыл ішінде Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және дамыту, қосымшалардың көмегімен салық міндеттемелерін ыңғайлы және оңай орындауға мүмкіндік беретін цифрлық инновацияларды әзірлеу бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдары елдің тұрақтылығын анықтайтын негізгі құрылымдардың бірі болып табылады. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметінің арқасында біздің өңірдің және тұтастай алғанда еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласы табысты дамуда.

Іс-шараны Департамент басшысы Саят Бимағамбетов ашты. Ол өзінің құттықтау сөзінде ШҚО бойынша МКД және аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің ел бюджетіне түсімдерді қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті.

Кәсіби мереке құрметіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 01.08.2024 ж. № 515 бұйрығымен Мемлекеттік кірістер органдарының дамуына, мемлекеттік қызметке қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қызметкерлер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер органдары құрылуының 10 жылдығына арналған Республиканың түкпір-түкпірінен 800-ден астам қызметкер қатысқан спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жетістіктері атап өтілді. Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрама командасы финалда шахматтан - 1 орын, волейболдан және шағын футболдан-3 жүлделі орынға ие болды.