Date of publication: 14.08.2024 09:06
Date of changing: 14.08.2024 09:10

Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында барлық ақшалай есеп айырысулар үлгілері Мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі. Бірқатар ерекшеліктер бар. Бірақ қазір барлығында онлайн-БКМ болуы керек.

 Чек беру бақылау-касса машиналарын қолдану кезіндегі негізгі талаптардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, чек мазмұнына да бірқатар талаптар бар:

1) салық төлеушінің атауы;

2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмері;

3) бақылау- касса машинасының зауыттық нөмірі;

4) бақылау- касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;

5) чектің реттік нөмірі;

6) тауарларды сатып  алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақыты;

7) бірлік үшін тауардың, жұмыстың, көрсетілген қызметтің атауы;

8) фискалдық белгі;

9) Бақылау чегінің түпнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректкер операторының атауы және фискалдық деректер операторының интернет ресурсының деректемелері деректерді бекіті және  беру функциясы бар бақылау- кассалық машиналар;

10) тауардың, жұмыстың, көрсетілген қызметтің атауы;

11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің саны, олардың мөлшері;

12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтің сатудың жалпы сомасы;

13) салық салынатын ставка көрсетілген қосылған құн салығының сомасы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдарға қосылған құнға - , егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болса;

14) бақылау-касса машинасын пайдалану орнының мекенжайы;

15) чек туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих-код бақылау-касса машинасы.

Бақылау-касса машинасының чегінде бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде қосылған құн салығының сомасы туралы деректер қосымша қамтылуы мүмкін.

Деректерді тіркеу және (немесе) ұсыну функциясы бар бақылау-касса машинасының чегі сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірін қамтуға тиіс.

Сондай-ақ, чектегі деректерді өзектілендіру міндеттілігін атап өтеміз: уақытты өзектілендіру; бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих-код; мемлекеттік тілге аудару функциясы.

Чектегі деректерді жаңғырту мен өзектілендіру бойынша туындаған мәселелермен бақылау-кассалық машиналарға техникалық қызмет көрсету орталықтарына немесе онлайн-БКМ пайдалану орны бойынша Фискалдық деректер операторларының байланыс орталықтарына жүгіну қажет.

БКМ мемлекеттік тізіліміне сәйкес, бүгінде нарықта оның екі түрі бар: аппараттық және бағдарламалық жасақтама. Аппараттық құрал – қағаз тасығышта чектер беру үшін механизмнің (БКМ дербес құрылғысы) болуын болжайды, ал бағдарламалық жасақтама-БКМ-нің электрондық нұсқалары.

БКМ бағдарламалық жасақтамасының артықшылықтары: бұл бағдарламаларды кез-келген құрылғыға оңай жүктеуге және орнатуға болады: ноутбук, планшет немесе смартфон.

Осылайша, қазіргі уақытта онлайн бақылау-кассалық машиналардың әртүрлі балама нұсқалары бар. Сапалы интернет байланысы бар өңірлер саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты барлық салық төлеушілерді бақылау-кассалық тәртіпті сақтау бөлігінде салық заңнамасының талаптарын сақтауға, сондай-ақ арнайы салық режимдерін қолдану шарттарын сақтау бойынша барлық күш-жігерді жұмсауға шақырамыз!