
Бақылау-кассалық машинаны (БКМ) қолданбағаны үшін жауапкершілік
Кассалық машиналарды қолдану тәртібін бұзғаны үшін норма "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 284-бабында көзделген.
Мәселен, Қазақстан Республикасының аумағында сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасын қолданбағаны, сондай – ақ пайдалану орны бойынша Мемлекеттік кірістер органында ақаулы немесе есепте тұрмайтын БКМ қолданғаны үшін- ескертуге әкеп соғады.
Егер бұл әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалса, онда айыппұл сомасы:
- жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес мөлшерінде,
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне-отыз мөлшерінде,
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды.
БКМ чегін немесе тауар чегін бермеу не бақылау касса машинасының чегін немесе тауар чегін тауар немесе қызмет үшін төленгеннен көп немесе аз сомаға беру – ескертуге әкеп соғады.
Егер бұл әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет болса, онда айыппұл сомасы:
- жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма мөлшерінде,
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне-отыз мөлшерінде,
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды.