Date of publication: 01.08.2024 08:57
Date of changing: 01.08.2024 08:58

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов 2024 жылдың 30 шілде айында Алтай қаласы - Алтай ауданы және Қатон-Қарағай бойынша ауданы  Мемлекеттік кірістер басқармаларының лауазымды тұлғаларымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» туралы заңдарының талаптарын сақтау мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Кездесу онлайн форматта өтті, онда мемлекеттік кірістер аумақтық басқармалары қызметкерлерінің сұрақтарына Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов жауап беріп, қажетті ақпарат берді.

Кездесулер аяқталғаннан кейін ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов қызметтік әдеп нормаларын тұрақты сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексінің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.