
Бүгін, 2024 жылғы 31 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылдың 1 жартыжылдығындағы қызметін қорытындылады.
Мемлекеттік кірістер басқармаларының аумақтық басшыларының қатысуымен ШҚО бойынша МКД басшысы Саят Сайлаубекович Бимағамбетовтың төрағалығымен өткен өндірістік кеңеске Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Беделбайұлы Көшербаев қатысты.
Өндірістік кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының 2024 жылғы 1 жартыжылдықтағы бюджеттің кіріс бөлігін атқару, бюджетке берешекті азайту, салық және кедендік төлемдерді әкімшілендіру жөніндегі жұмыстарының қорытындылары шығарылды.
Кеңес қорытындысы бойынша 2024 жылдың соңына дейін, оның ішінде жеткізілген түсімдер жоспарын орындау, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту және салықтық-кедендік әкімшілендіру бойынша міндеттер қойылды.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев департамент басшылығына және барлық қатысушыларға жемісті еңбектері үшін, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасағаны үшін алғысын білдірді. Кездесу барысында интернет-саудаға салық салу, мобильді аударымдар және жалпыға бірдей декларациялауға мәселелері талқыланды. Қорытындылай келе, облыс Әкімі департамент ұжымы мен аумақтық бөлімшелер басшыларын алдағы мерейтойлық күнімен - Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуымен құттықтады, сондай-ақ жүйенің құрылғанына 10 жыл толуына орай ҚР ҚМ МКК өткізген спартакиадада жоғары спорттық жетістіктерін атап өтті.