
2024 жылғы 29 шілдеде "Қазақстан" РТРК АҚ "Алтай" телеарнасында "Жаңа Қазақстан" бағдарламасында түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова салық заңнамасын түсіндіру бойынша сұхбат берді.
Спикер журналистің жаңа Салық кодексінің жобасы, мобильді аударымдар, цифрлық инновациялар, салық заңнамасындағы өзгерістер жөніндегі сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ өз сөзінде жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі ережелерді (декларацияны ұсыну кезеңдері, тәсілдері мен мерзімі) егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар, басқарма басшысы жалпыға бірдей декларациялауды енгізу, ШҚО бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу, декларацияларды толтыру кезінде жиі кездесетін қателіктер туралы айтып берді.
Осылайша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі басталды, оның шеңберінде 250.00 нысанындағы «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.
2024 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша III кезең шеңберінде кіріс декларациясын ұсынуға міндетті адамдар саны 76,6 мыңды құрайды, оның ішінде бүгінгі күнге декларацияны 35,4 мың адам тапсырды, бұл 46% құрайды.
Ағымдағы жылы жалпыға бірдей декларациялаудың I-II кезеңдеріне қатысушыларда 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттемелер де бар.
Декларацияларды «Салық төлеушінің кабинеті», «ҚР электрондық үкіметі» веб-порталдары, «e-SalyqAzamat», «Halyk», «Bank CenterCredit», Kaspi.kz мобилді қосымшалары арқылы ұсынуға болады.
Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз жеткізгіште почта арқылы, не тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы келу тәртібімен ұсынуға құқылы.
01.01.2024 ж. бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес декларацияны электронды түрде де, қағаз жеткізгіште де беру үшін бірыңғай мерзім белгіленді – 15 қыркүйектен кешіктірмей.
Салық міндеттемесінің уақтылы орындалмауын болдырмау үшін барлығынан декларацияны алдын ала тапсыруды сұраймыз!
Декларация тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша ұсынылады.