Date of publication: 26.07.2024 09:16
Date of changing: 26.07.2024 13:29

2024 жылғы 25 шілдеде Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚОФ "Атамекен" ҚР ҰКП алаңында 50-ден астам салық төлеушінің, оның ішінде ZOOM конференциясы арқылы офлайн және онлайн форматтағы консалтингтік компаниялар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен семинар өткізді.

Камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Қалибаева Дана өз сөзінде міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша камералдық бақылауды орындау тәртібі туралы айтты.

Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімімен, заңнаманың өзгеруі туралы Сайран Уалибекова таныстырды.

Департаменттің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

 

Сөз соңында Департамент өкілдері салық төлеушілердің барлық сұрақтарына жауап берді.