
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын қоспағанда, жеке тұлғаның барлық активтері, жылжымалы, жылжымайтын мүлкі көрсетілетін «кіру» декларациясын ұсынуынан тұрады.
Декларацияны табыстау кезінде Қазақстандағы және шетелдегі активтер туралы мәліметтер толыққанды болуы тиіс. Себебі, декларацияланған активтердің құны болашақта салық салынатын кірісті айқындау кезінде ескерілетін болады.
Сондықтан декларацияны толтырмас бұрын:
1) тиісті растайтын құжаттарды дайындауды;
2) тәуелсіз бағалаушыда бірлігінің құны 1000 АЕК-тен (3,5 млн теңге) асатын мүлікті бағалатуды (қалауы бойынша). Бұл ретте бағалау 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша болуы тиіс;
3) қарыз 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін берілген жағдайда, нотариустардан қарыз шарттарын куәландыруды;
4) Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің болуын келесі сайттар бойынша тексеруді ұсынамыз.
Бағалы қағаздар бойынша https://portal.kacd.kz;
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kz; https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru;
зияткерлік меншік, Авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz;
сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu;
Дебиторлық/кредиторлық берешектің (қарыз шартының) болуы бойынша сұрау салуды Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға жіберу қажет.
Жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) қағаз жеткізгіште және электронды түрде салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және «E-Salyq Azamat», «eGov mobile» Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz. мобильді қосымшалары арқылы ұсына алады.
Декларацияны толтырғаннан кейін салық төлеушілер декларацияға ЭЦҚ арқылы немесе SMS-кодты енгізу арқылы қол қоя алады.
Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті декларацияны мерзімде ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескеріп, декларацияны тапсыруды соңғы күнге қалдырмауға кеңес береді.